Күлкі мен жел

Шығыс әдубиеті
6500,00
тг.
Екі жылға жуық уақыт бұрын ғана жазылған бұл тамаша туынды о баста сек-
сен мың таңбадан (иероглиф) тұратын повесть болатын. Қытай баспасөзінде жа-
рияланып, сарабдал сыншылар мен көзі қарақты қалың оқырманнан оң баға алған
шығарманы автор одан әрі жетілдіріп, байытып, дамытып, нәтижесінде, бұрынғы
нұсқасынан да тұщымды үлкен роман дүниеге келді. Өткен ғасырдың елуінші жылда-
рының соңында басталатын оқиғалар желісі оқырманын жалықтырмай һәм жабықты-
рмай, шаршатпай және шабытты баяндаудың бүтін болмысынан шашау шығармай
бүгінгі біздің жаһанданып жатқан жаңа заманымызға дейін жеткізеді.
Арман қуған ақынжанды жас Фу Дачыңның қалықтаған ұшқыр қиялы мен үкілі
үміттері оның өзіне өміршең өлең болып келіп, маңайына, маужыраған қоғамына
сезім мен сенімді тең сыйлап, алпауыт армандарға бастайды. Бозбаланың албырт та
алғаусыз жанында жаралған бейкүнә жыр жолдары үлкен дүниелерге айналып, қан-
ша өмірге өзгеріс әкеледі, қанша тағдырлар тоғысады, болмаса қоштасады...
Ары қарай ше? Тілі шұрайлы, баяны шырайлы туындының негізгі желісімен
өзіңіз танысыңыз, қымбатты оқырман! Парықтауды патша көңіліңізге қалдырдық...